Қазақстанда былтырғы жылы 397 634 бала дүниеге келген

Фотография - Қазақстанда былтырғы жылы 397 634 бала дүниеге келген

2015 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 397 634 туғандар тіркеліп отыр

248 0

2015 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 397 634 туғандар тіркеліп отыр. Олардың ішінде қалалы жерде – 225 383 адам, ауылда – 172 251 нәресте өмірге келген. Сәбиелердің 204 868 ер балалар және 192 766 қыздар.  

Бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 42,5 пайызға жоғары болып отыр (ер балалар – 42,7%, қыз балалар – 42,3% артқан). Сондай-ақ, қалалы жерлерде 37,5%, ауылдағы туу деңгейі 49,7 пайызға өскені байқалады.
Туудың жалпы коэффициенті (1 000 тұрғынға шаққандағы туғандар саны) 2015 жылы 22,66 промиллені құраған. 2005 жылмен салыстырғанда 4,24 промиллеге (2005ж. – 18,42) артқан. Қалалар бойынша бұл көрсеткіш 22,61 промиллені (2005ж. – 18,94), ауылда – 22,73 промиллені (2005ж. – 17,72) құрап отыр.

Қазақстан бойынша туудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (1 000 тұрғынға шаққанда 31,25 туғандар), Оңтүстік Қазақстан (29,00) облыстары және Астана қаласында (30,23) көп тіркеледі. Ең төменгі көрсеткіш деңгейі Солтүстік Қазақстан (14,23), Қостанай (14,44) және Шығыс Қазақстан (16,37) облыстарының үлесінде.

Былтыр әйелдердің бала тууының орташа жас мөлшері республика бойынша 28 жасты құрады. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болған. Мысалы, осы көрсеткіш Алматы қаласында 30 жасты, Астана қаласында 28,9 жасты құрап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!