Бас мүфти имамдардың Рамазан айына дайындығымен танысты

Фотография - Бас мүфти имамдардың Рамазан айына дайындығымен танысты

Бұл айда атқарылған әрбір сауапты амал еселеніп жазылады

229 0

Бүгін Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мүфтияттың облыстардағы өкіл имамдарының Рамазан айына дайындық жұмыстары туралы есебін тыңдады.

"Қасиетті Рамазан айы – ізгі, игі амалдар маусымы. Бұл айда атқарылған әрбір сауапты амал еселеніп жазылады. Сондықтан осы уақытта біздің имам-молдалар барынша жамағатты ортақ мақсатқа біріктіретін іс-шараларды атқаруы тиіс", – деді ҚМДБ төрағасы.