Сауэр: Жерді шетелдікке сату әрекетін Отанға сатқындықпен теңестіру керек

Фотография - Сауэр: Жерді шетелдікке сату әрекетін Отанға сатқындықпен теңестіру керек

Иван Сауэрдің ауылшаруашылығы айналасындағы бірқатар мәселелерге көңілі толмады

1771 0

"Агрофирма "Родина" ЖШС бас директоры Иван Сауэр жерді шетелдіктерге сатуды заң жүзінде Отанға сатқындық ретінде теңестіруге шақырды. Бұндай сөз "Қазақстан-2050" Демократиялық күштің жалпы ұлттық коалициясының отырыснда айтылды, деп жазады Today.kz.

"Мен тағы бір мәрте айтамын, "Жер шетелдіктерге сатылмайды" деу жеткіліксіз. Мен міне Қахарманның, генерал Бақытжан Ертаевтың қасында отырмын, заңға: "жерді шетелдіктерге сатуға тырысу Отанға сатқындықпен теңестірілуі керек, адамдарды осы ғана басады", - дейді Сауэр.

Сонымен бірге аграрий қазақстандықтардың өзге елдердің экономикасына инвестиция құюына қарсы екенін білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда айналысар іс көп. Сонымен бірге Жер реформасы бойынша комиссиясының мүшесі АӨК-тегі (аграрлық өнеркәсіптік кешен) несиелеу пайыздарының жоғарлығына және ауылшаруашылығына бөлінген үкімет ақшасы басқа бағыттарға жұмсалып жатқанына наразылығын білдірді.

Ол бұл мәселелерді жіті қарастырып, тек жер заңнамасына ғана емес, ілеспелі актілерге де түзету енгізуге шақырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!