Мұхтар Құл-Мұхаммед: Журналист жұмысына ешкімнің кедергі келтіруге құқығы жоқ

Фотография - Мұхтар Құл-Мұхаммед: Журналист жұмысына ешкімнің кедергі келтіруге құқығы жоқ

Журналистерге келсек, бұл түсінбестік болды деп ойлаймын

451 0

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгінгі Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысынан кейін 21 мамырда митинг ұйымдастыру әрекеттері кезінде журналистердің ұсталуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz. 

"Журналистер жайлы айтатын болсақ, мен бұрынғы ақпарат министрі ретінде журналиске кәсіби қызметін атқаруға кедергі болуға ешкімнің құқығы жоқ деп айта аламын. Нақты жағдайлар ға келетін болсақ, құқық бұзушылықтың қандай болғанын білмегендіктен мен қандай да бір пікір айтуға моральдық жағынан қақым жоқ", - деді Құл-Мұхаммед.
Атап өтсек, бүгінгі отырыста жер реформасы талқыланған болатын. Жиыннан кейін журналистер «Нұр Отан» өкіліне 21 мамырдағы құқық қорғау органдарының әрекетіне қандай баға беретіні жайлы сұрақ қойған еді.
"Журналистерге келсек, бұл түсінбестік болды деп ойлаймын. Меніңше аздап түсінбеушілік болғанымен кейіннен олар босатылды", - деп толықтырды ол.
Құл-Мұхаммед митингтерге қатысты Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжанның "биліктің есігі ашық тұрғанда, оны қағудың қажеті жоқ. Жер тағдыры митингтерде емес, осындай ашық талқылауларда шешілуі тиіс" деген сөзін келтірді. 
Естеріңізге сала кетсек, 21 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде журналистер ұсталған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!