Мәжілісте Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының бесінші отырысы өтті

Фотография - Мәжілісте Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының бесінші отырысы өтті

Жиынға Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты, аталған комиссияның төрағасы Садық Шер-Нияз жетекшілік етті

330 0

Бүгін Мәжілісте Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясының бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Жиынға Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты, аталған комиссияның төрағасы Садық Шер-Нияз жетекшілік етті. Атап өткеніндей, комиссия ТүркПА-на мүше-мемлекеттердің тарихи тамырластығына, мәдени байланысына сүйене отырып, парламентаралық ықпалдастықтың нығаюына, ең бастысы – халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынастың нығаюына ықпал етеді.

Комииссия жұмысына Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы сынды басқа да халықаралық институттар қолдау көрсетеді.

Отырыстың ашылуында Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдрахманов көне тарихтың терең түкпірінде тамырласқан түбір бір туысқан ел өкілдеріне ыстық ықыласын жеткізіп, біздің достығымыз – тарихтың қатал сынынан өткен, ғасырлар қойнауынан жеткен ұлы достық. біздің мұңымыз ортақ, біздің сырымыз ортақ, біздің жырымыз ортақ,-дей келе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылған Түркі тілдес елдерінің Парламенттік Ассамблеясы – сол дәстүрлі достықты бекіте түсудің бір тетігі екендігін атап өтті.

Одан әрі Мәжіліс депутаты Комиссияның отырысына арқау болған «Апат және дағдарысқа қарсы күрес жағдайында ТүркПА елдерінің ынтымақтастығы» тақырыбының, әлемдік алпауыттар арпалысқан, дағдарыс шиеленіскен жауапты шақта, жаһандық тұрақсыздықтың қазіргідей күрделі кезеңінде айрықша маңызға ие екендігіне тоқталды. Өйткені, апат та, дағдарыс та бір ғана мемлекетте болып, басқаларда болмайды немесе оларға әсерін тигізбейді деп айта алмаймыз. Бұл проблемалар баршамызға ортақ деген С. Әбдрахманов биыл 25 жыл толып отырған Семей ядролық полигонының жабылуын ұлы оқиғаға теңеді.

Күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында «Апат және дағдарысқа қарсы күрес жайында ТүрПА елдерінің ынтымақтастығы» (Мұстафа Бозкурт, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне депутаты), "Қазақстандағы апатты жағдайлардың алдын алу, төтеп беру және бұл мәселеде басқа елдермен, оның ішінде түркітілдес елдермен ынтымақтастық мүмкіндіктері" (В. Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы) тақырыптарында баяндама жасалып, кең көлемде талқылаудан өтті.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар апат және күрес жайында ТүркПА елдерінің ынтымақтастығы жөніндегі ұсыныстарды қабылдады. Ол келер жылы Қырғызстанның Баку қаласында өтетін Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясының алтыншы отырысына шығарылмақ.

Айта кетейік, отырысқа қос Палатаның, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия Парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ, Түркі кеңесінің, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) мүшелері, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!