Нұрсұлтан Назарбаевтың мектеп виньеткасы жарияланды

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаевтың мектеп виньеткасы жарияланды

Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, жасөспірімдер алтын ұясымен қоштасуда

392 0

Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында ҚР Президентінің соңғы қоңырау күні 1958 жылы түсірілген суреті орналастырылған, деп жазады Today.kz.

Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, жасөспірімдер алтын ұясымен қоштасуда. Осыған орай, алпыс жылға жуық уақыт бұрынғы кезеңге ойша шегініс жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы кезінен естелік – 1958 жылғы фотосуретті ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі facebook-тегі жеке парақшасында.

Бұл – Абай атындағы мектеп-интернаттың 21-ші түлектерінің суреті. Оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаевтың оң жағындағы бозбала – Нұрсұлтан Әбішұлы.

Оқушы Нұрсұлтан туралы оның ұстазы мен сыныптастары төмендегідей сыр шертеді:
Сейітхан Исаев, Н.Ә.Назарбаевтың ұстазы:

– Ол кезде бүкіл оқу процесі, сыныптан тыс жұмыстардың бәрі оқу ісінің меңгерушісіне жүктелетін. Өзіме қиын болғандықтан, маған пионер ұйымы мен комсомол ұйымының мүшелері көмектесетін. Ал ол ұйымдарды өзін тыңдата алатын, айтқанын орындата алатын шәкірт басқаратын. Сондай шәкірт Нұрсұлтан Әбішұлы болды.

Кеңес Байбосынов, Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы:

– Емтихан кезінде Нұрсұлтаннан көшірдік. Жасыратын несі бар? Бізде ол кезде барлық сабақтардан емтихан болатын. Сол кезде көмектесетін. Өзім шығара алмаған есепті, Нұрекең шығарса, неге көшірмеймін? Көшіремін!

Сайлаубек Қыдырәлиев, сыныптасы:

– Демалыс күндері би кештерінен қалмайтынбыз. Нұрсұлтан тамаша билейтін. Ол кезде кім жақсы оқиды, қыздар соған қарай жүгіретін еді ғой. Ал Нұрекең мектепті «алтын медальмен» бітіремін деп, сабақтан бас алмай отыратын. Оқуға зерек, баян, домбыра тартатын Нұрсұлтан Назарбаевқа қыздардың көбі ғашық болды.

Рая Ғарифқызы, сыныптасы:

– Сол мектепте оқып жүрген кездерде-ақ Нұрсұлтанның көшбасшылық қасиеттері ерекшеленіп тұратын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!