Алматыда ғұламалар кеңесінің ХІІ отырыс өтуде

Фотография - Алматыда ғұламалар кеңесінің ХІІ отырыс өтуде

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің жұмысын бастады

142 0

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Кеңес отырысына ҚМДБ төраға орынбасарлары - Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, Кеңес хатшысы, ғылым докторы Ершат Оңғаров, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, исламтанушы ғалымдар - Сансызбай Шоқанов, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбаев, Әбсаттар Сманов, Смайыл Сейітбеков, Батыржан Мансұров, Сәбит Ибадуллаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, т.б. теологтар қатысуда.

Келелі жиынды ашқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар Кеңесінің жұмысына тоқталып, осы уақытқа дейін қабылданған пәтуалардың маңыздылығын атап өтті.

"Бүгінде Ғұламалар Кеңесі өзінің қызметінде Құран Кәрімді, пайғамбар хадисін, сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мәзһабын, елімізде қабылданған заң нормаларын басшылыққа ала отырып, діни мәселелер төңірегінде пәтуалар қабылдап, маңызды жұмыс атқарып келеді. Кеңес жұмысының еліміздегі діннің, руханияттың дамуы мен болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, Ғұламалар Кеңесінің қоғамды орны мен рөлі ерекше көрініс тапты", – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ ғалымдары ХІІ отырыста "Діни қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы", "Діни қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасы" құжаттарын талқылап, "Тағамның құрамындағы эмульгатордың үкімі" пәтуасы туралы пікір алмасуда.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!