Шымкентте Орта Азияда теңдесі жоқ дәрі-дәрмек цехы ашылды

Фотография - Шымкентте Орта Азияда теңдесі жоқ дәрі-дәрмек цехы ашылды

Шымкенттегі "Химфарм" АҚ-нда антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехы ашылды.

144 0

Шымкенттегі "Химфарм" АҚ-нда антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехы ашылды. Ұнтақ дәрінің 17 түрін өндіретін жаңа цех жылына дәрілік препараттардың 24 миллион құтышасын шығаруға қауқарл, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа цехтың ашылуы өз кезегінде қажетті өнімдерге деген тәуелділікті жойып, шетелдік жеткізушілерді азайтады.

GMP халықаралық стандартына сәйкес келетін жаңа цех Орта Азиядағы жаңғыртылған жоғарғы өндіріс орны болып табылады.

Ашылу салтанатына "СК-Фармация" басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев, өңір басшысы Б.Атамқұлов пен компанияның бас директоры Ижи Урбанец қатысты.

Кәсіпорынды кеңейтіп, өнімділікті арттыру мақсатында фармацевтикалық компанияға құны 75 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестиция тартылуда. Сонымен қатар, мұнда жыл соңына дейін фармацевтикалық препараттарды өндіретін үшінші өндірістік циклды іске қосу жоспарлануда.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!