Енді Жер реформасы бойынша сұрақтарды әлеуметтік желіде қоюға болады

Фотография - Енді Жер реформасы бойынша сұрақтарды әлеуметтік желіде қоюға болады

Бұл туралы ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Мұрат Әбенов мәлімдеді

712 0

Қазақстанның ауылшаруашылығы министрлігінде республикалық Жер реформасы бойынша комиссияның жұмыс топтарының алғашқы отырысы басталды. Кездесу сыртында ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Мұрат Әбенов әлеуметтік желілерде аккаунттар мен электронды пошта ашылғанын, ол жерде әрбір адам осы тақырыпта өзін қызықтырған сұраққа жауап ала алатындағын айтты, деп жазады Today.kz.

Оның айтуынша, кері байланыс орнату үшін барлық шаралар жасалды. "Біздің топ бүгін бірнеше ұсыныс айтты. Біріншіден, әлеуметтік желіде БАҚ өкілдерінің барлығы бар. Біз әрбір азаматқа олардың қойған сұрағы комиссия мүшелеріне дейін жетеді дегіміз келеді. Кері байланыс өте маңызды, осы себепті де мен бүгін jerkomissia@gmail.com поштасын ашып, Facebook парақшасына тіркелдім", -  дейді Мұрат Әбенов.

Естеріңізге салсақ, 21 мамырда Астанада Жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысы өткен болатын. Ол жерде төрт жұмыс тобының жетекшілері тағайындалған: экономикалық, құқықтық мәселелер, ақпараттық-түсіндіру және айшықтықты қамтамассыз ету бойынша.

Сонымен бірге, "Қазақтан-2050" Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының отырысында мәжіліс депутаты Азат Перуашев жерді ҚР шектес жатқан елдерге жалға беруге тиым салу ұсынысн айтқан. Ал комиссияның мүшесі болып келетін Иван Сауэр тіптен, жер сатуды отанға опаздық жасауға теңестіруге шақырды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!