Мектептердегі үш тілділік мәселесі депутаттарды алаңдатуда

Фотография - Мектептердегі үш тілділік мәселесі депутаттарды алаңдатуда

Депутаттар осы мәселе бойынша Кәрім Мәсімовке сауал жолдады

420 0

Сенат депутаттары ҚР Білім және ғылым министрлігі өтікізіп жатқан реформаларға алаңдаулы. Соның ішінде, сенаторларды ерекше мазалайтын мәселе мектептердегі Қазақстан тарихының қазақ тілінде, ал физика, химия, биология мен ақпараттандыру пәндерінің ағылшын тілінде өтуі, деп жазады Today.kz.

Депутаттардың ойынша, ағылшын тілін білу адамның білімділігін көрсетпейді, ал бұл тілді осындай форматта оқыту оқушылар үшін өте ауыр болады. Ұсынылған реформаларға назар аударуды сұрап олар премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Депутаттардың пікірінше, білім беруде реформаның жүруі заңдылық, бірақ бұл сала төңкерісті қажет етпейді. Білім беру саласын жетілдіру тек бір министрліктің ғана жұмысы емес, мемлкеттік маңыздылығы бар өзекті мәселе.

"Білім беру саласын жаңарту бойынша реформалар жасамай тұрып, бұл саланы жақсы білетін мамандар қатарынан уақытша болса да қоғамдық кеңестер құрып, мәселелерді жан-жақты талқылап, сосын ортақ шешімге келу керек", - деп есептейді сенаторлар.

Үш тілді оқыту жүйесіне өту үшін нәтижелі механизмдер құрылуы қажет. Бұл мәселені асықпай, ақылмен шешу керек, дейді депутаттар.

Айта кетейік, ҚР ғылым және білім министрі Ерлан Сағадиев Қазақстан мектептеріндегі үш тілді білім беру жүйесін енгізу механизімін түсіндірген. Бұл шара 2016-2019 жылдарға арналған елдің білім беруі мен ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!