Атамқұлов аймақ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Фотография - Атамқұлов аймақ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

376 0

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыстық партия ұйымының төрағасы келушілердің арыз-шағымын мұқият тыңдап, өтініштердің оңды шешім табуы бойынша сала жауаптыларына тапсырма берді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен, аймақ басшысы Шымкент қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Вадим Тороповты қабылдады. Шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді орта құру мәселесін көтерген ол пандустардың жоқтығын алға тартып, мүгедектер үшін арнайы автобустар мен жаяу жүргіншілер жолының талаптарға сай еместігін жеткізді.

Өз кезегінде, облыс әкімі аталған проблемаларды шешу ісіне азаматтық қолдаулардың жасалу қажеттігін айтып, түрлі деңгейдегі акциялар ұйымдастыруды жеткізді. Сондай-ақ, құрылыс нысандарын салу кезінде мүгедектердің жайын ұмытпауды, сонымен бірге, қоғамдық көліктердің қатарын төмен еденді автобустармен толықтыруды облыстың сәулет, құрылыс, көлік салаларын басқарып отырған жетекшілерге жүктеді.

Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға жеті азамат келіп, әкімге тікелей өтініш-тілектерін жеткізе алды. Мүгедектер жайынан бөлек, мәселелердің басым бөлігі - жұмыссыздық пен жастар проблемасы, коммуналдық қажеттіліктер мен гендерлік саясат тақырыбына арналды. Талқыға салынған жайттарға қанық болған аймақ басшысы аталған мәселелерді облыстық партия ұйымы төрағасының орынбасары Б.Қыстауовқа қатаң бақылауды тапсырды.

Мәселен, Әйгерім Бекжанова жұмыспен қамту бағдарламалары аясында «Алтын қор» кадрлық резервіне алынып, белгілі боксшы Бекзат Саттархановтың бапкері Нұрлан Жұмабаев жұмыспен қамтылатын болды.  Қоғамдық қабылдауға келген өзге де азаматтар - Гүлмира Тағаева, Мұса Тоқанов, Гүлжамал Етекбаева және Мағжан Исаховтардың ұсыныс, талап-тілектері назарға алынды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!