Бюджетте Ұлттық пантеонды салуға қаражат жоқ - ҰЭМ басшысы

Фотография - Бюджетте Ұлттық пантеонды салуға қаражат жоқ - ҰЭМ басшысы

Ұлттық пантеонды салу үшін мемлекетке 79 миллиард теңге қажет

1064 0

Республикалық бюджетте Ұлттық пантеонды салуға қаражат жоқ. Бұл туралы Астанадағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысының алдында Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, деп жазады Today.kz. Бұл мақсатта қаражат бөлу 2017 жылдың бюджетінде де қарастырылмаған.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық пантеонның бірінші тізбегін салуға 2,3 миллиард теңге қажет екен. Бұл туралы Астана әкімдігінен хабарлаған болатын.

Оның алдында қала әкімдігінен пантеон құрылысының техникалық экономикалық негіздемесі 79 миллиард теңгені құрағанын айтқан.

Ұлттық пантеонды Астана қаласының шегарасынан 17 киллиометр жерге, Целиноград ауданыныдағы Қабанбай ауылының маңына орналастырмақ. Пантеон мемлекет, ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің сағанасы болмақ. Үздік эскиз идеясын "Проектная академия "КазГор" ЖШС ұтып алған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!