Бауыржан Байбек жаңа кадрлық тағайындаулар жүргізді

Фотография - Бауыржан Байбек жаңа кадрлық тағайындаулар жүргізді

Алматының Наурызбай және Медеу аудандарының әкімдері тағайындалды

356 0

Бауыржан Байбек жаңа кадрлық тағайындаулар жүргізді. Мәслихаттың кезектен тыс VI отырыснда ол Наурызбай мен Медеу аудандарының жаңа әкімдерін танстырды. Олар бұрын Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Сайран Сайфеденов және ҚР Президенті әкімшілігіндегі мемлекеттік бақылау мен ұйымдастырушылық-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған Ержан Жылқыбаев.

"Наурызбай ауданы оңай аудан емес және жаңадан қосылған. Онда жерге, баспана қорына байланысты мәселелер көп. Экономикалық күрделі жағдайда жұмыс жүргізуіміз керек. ІІД ғимаратын, жолдарды салуға 6,4 миллиард теңге бөлініп отыр. Сайран Сайфеденовты білесіздер, қазақ тілін жақсы біледі, бұл Наурызбай ауданыны тұрғындарымен жұмыс істеуге қажет болады. Мен 10 айда байқағаным, ол өте тәжірибелі, өте қиын мәселелерді шешкен болатын. Ол осы қызметке лайықты деп ойлаймын", - деді Алматы әкімі.

"Медеу ауданында Алматы халқының 12 пайызы тұрады, бұл тұрғындардың бос уақытын өткізетін және туристтік орын, "Шымбұлақ" та,"Медеу" де осында. Мұнда интелегенция тұрады, бұл ауданның табысы Алматының жалпы кірісінің 30 пайызын құрайды. Аудан алдында үлкен міндеттер тұр, біз кандидатураны ұзақ таңдадық және ұлттық комиссиямен келісе отырып, Ержан Жылқыбаевты ұсындық, оның экономика саласында тәжірибесі мол", - деді Бауыржан Байбек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!