Перзидент Келімбетовты шетелдік инвесторлар алдында мақтады

Фотография - Перзидент Келімбетовты шетелдік инвесторлар алдында мақтады

Назарбаев "Астана" қаржы орталығының басшысын шетелдіктерге таныстырды

383 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовты шетелдік инвесторлар алдында мақтады, деп жазады Today.kz.

"Қайрат Келімбетов мырзаның тағайындалуының үлкен мәні бар. Оның үкіметтегі жұмыс бойынша тәжірибесі мол, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы. Мен оны білім алуға әлемнің түрлі университеттеріне жіберіп отырдым. Ол Еуропаның барлық қаржы орталықтарымен таныс. Мен оны пайдалы болады және кәсіби жұмыс атқарады деп ойлаймын. Құрметтеп қойыңыздар", - деді Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29 отырысында.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының бұйрығымен Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалған. Оның алдында, 2 қарашада Келімбетов ҚР Ұлттық банк басшылығынан босатылған болатын. Оның орнына Данияр Ақышев тағайындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!