Елбасы ЕҚДБ-ның президенті Сумо Чакрабартимен кездесті

Фотография - Елбасы ЕҚДБ-ның президенті Сумо Чакрабартимен кездесті

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесі ЕҚДБ-ның қатысуымен құрылғанына назар аударды.

293 0

Кездесу барысында ЕҚДБ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары қарастырылып, бұдан арғы перспективалық жоспарлары айқындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесі ЕҚДБ-ның қатысуымен құрылғанына назар аударды. Мемлекет басшысы биыл банктің құрылғанына және біздің елдің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуының символдық мәні бар екенін атап өтті.
– Осы жылдардың бәрінде ЕҚДБ республикамыздың сенімді серіктесі болып келеді. Біздің ынтымақтастығымызға 20 жылдан асып барады, мұндай өзара іс-қимылды өте жоғары бағалаймыз. 2014 жылы ынтымақтастығымыздың жаңа стратегиясы қабылданды, ол аса ауқымды жұмысты қамтиды, – деді Мемлекет басшысы.
С.Чакрабарти ЕҚДБ-ның Шетелдік инвесторлар кеңесін жаңадан шетелдік инвесторларды тартудың және біздің елдегі реформаларды ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде қарастыратынын айтты.
– Кеңес мүшелері Сіздің көшбасшылығыңызды жоғары бағалайды. Жалпы, біздің серіктес болғанымызға 20 жылдан асып бара жатқанымен, оның шарықтау кезеңі соңғы жылдармен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Сізге және Сіздің елдің үкіметіне биыл ЕҚДБ президенті қызметіне қайтадан ұсынылған менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл ынтымақтастығымызды жалғастыру үшін тағы 4 жылға мүмкіндік береді, – деді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті.
С.Чакрабарти біздің елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ЕҚДБ қызметі үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының құрылуының маңыздылығын айтты және еліміздегі жекешелендіру үдерісіне де қызығушылық білдірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!