ЕҚЫҰ Қазақстанда сот пен БАҚ әрекеттестігін нығайтпақ

Фотография - ЕҚЫҰ Қазақстанда сот пен БАҚ әрекеттестігін нығайтпақ

Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде сот реформасын ілгерілету бойынша ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлігі

156 0

Қазақстанда сот пен БАҚ өзара әрекеттестігін нығайту мәселелері 2016 жылы 25-27 мамыр аралығында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған ҚР Жоғарғы Соты, Алматының Қалалық соты мен Сот репортерлері гильдиясы делегациясының Ресей Федерациясына үш күндік оқу сапарының назарында болды.

Оқу сапарының мақсаты сот пен БАҚ арақатынасы саласында үздік тәжірибемен алмасу, вебсайттар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда сот ақпаратын тарату әдістері, сот мәжілістері жөніндегі мәліметті бұқаралық ақпаратта тарату және кәсіби сот репортерлері тобын құру болып табылады.

Қатысушылар Мәскеудегі Сот Кеңесі Комиссиясы мәжілісіне қатысып, Ресейдің сот репортерлері гильдиясы өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Ресей сот жүйесі баспасөз басқармалары басқосуында қатысты. Сонымен қатар олар Ресей Федерациясы облыстық соттар баспасөз кызметінің 12 өкілдерімен жемісті талқылау мен тәжірибе алмасуда ат салысты.

Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде сот реформасын ілгерілету бойынша ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!