Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы басталды

Фотография - Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы басталды

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — жер телімдерін шетелдіктерге жалға беру мәселесі болмақ

706 0


Астанада Ұлттық мұражайда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырыс өтеді.

 Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — жер телімдерін шетелдіктерге жалға беру мәселесі болмақ.

 "Біз Астанада бірнеше отырыс өткізіп, комиссия құрамы арасында негізгі мәселелерді талқыламақпыз, оның ішінде шетелдіктерге жерді жалға беру, сонымен қатар заңды тұлғалардың оған қатысуы, сондай-ақ басқа да туындаған мәселелерді қарастырмақпыз. Содан кейін өңірлерге шығуды жоспарлап отырмыз. Өңірлерге шыққанда әкімдіктердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестермен бірлесе отырып, сол жердегі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып осы мәселені әрбір өңірде талқылап шығып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  соңғы ұсынысты келтіреміз, оны содан кейін ел Парламентінің қарауына ұсынамыз", — деді бұдан бұрын ОКҚ-інде өткен брифинг барысында  Б.Сағынтаев.

 Еске салайық, комиссияның өткен отырысында жерлерді Қазақстан азаматтарына сату жөніндегі мәселе қаралған болатын. Сонымен қатар төрт жұмыс тобы құрылып, олардың басшылары тағайындалды.  

Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономика бойынша жұмыс тобына Ақылбек Күрішбаев, құқықтық бағыты бойынша жұмыс тобына Мұхтар Тайжан, ақпараттық топқа Мұрат Әбенов, Шешімдерінің орындалуын қадағалау жөніндегі жұмыс тобына Дос Көшім жетекшілік етеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!