Кулагин мен Баталовтар жерді сатқанын-сатпағанын өздері айтсын – Б.Сағынтаев

Фотография - Кулагин мен Баталовтар жерді сатқанын-сатпағанын өздері айтсын – Б.Сағынтаев

Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары, комиссия төрағасы аталған сұрақтардың жауабын өңірлерге шыққан кезде алуға ұсыныс жасады

200 0

Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның бүгінгі отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ақмола мен Алматы облыстарында жердің жалға берілгені жайында ашық ақпарат беруді сұрады, деп хабарлайды Baq.kz .


 "Осы бұқаралық ақпарат құралдарында Ақмола және Алматы облыстарының әкімдері Кулагин мен Баталовтар қытайлықтармен бір келісімшартқа қол қойды деп жатыр. Осы мараторий болғанда ондай келісімшартқа қол қойған жөн емес деп ойлаймын. Егер ондай келісімшарт бар болса, онда бізге ашық ақпарат беруі тиіс. Мен ресми түрде сұрайын деп едім. Ол қандай келісімшарт? Не жайлы? Жер жалға беріліп жатыр ма? Бұл тек менің сұрағым ғана емес.", - деді М.Тайжан комиссияның бүгінгі отырысы барысында.


Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары, комиссия төрағасы аталған сұрақтардың жауабын өңірлерге шыққан кезде алуға ұсыныс жасады. "Енді, біз өңірлерге шығамыз деп жатырмыз. Ақмолаға да барамыз, Алматы облысына да барамыз. Сол кезде әкімдер ашығын айтсын. Қол қойды ма? Жерді сатты ма? Жалға берді ме? Сол жерде комиссия мүшелері алдында ашық айтсын. Қағазбен сұрап жатқаннан гөрі сол жерде...бұқаралық ақпарат құралдары да қатысып отырады. Сол жерде жауабын берсін", - деді Б.Сағынтаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!