ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы Брюссельге сапармен барды

Фотография - ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы Брюссельге сапармен барды

Сапар барысында генерал-майор Мұхтаров НАТО-ның Бас хатшысы Александр Вершбоумен кездесті

109 0

Мұхтаровтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Брюссельге сапармен барды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

НАТО-ның штаб-пәтерінде қазақстандық қорғаныс ведомствосының өкілдері серіктестік және ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің отырысында бірлестіктің 28 елінің делегацияларымен "Жоспарлау және талдау үдерісі" (ЖЖТҮ) бағдарламасы шеңберінде серіктестік мақсаттарының іске асырылуын талқылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау және баға беру болып табылады.

Отырысқа қатысушылар аталған саладағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, 2003 жылдан бастап қазақстандық Қарулы Күштері және НАТО елдері бөлімшелерінің қатысуымен жыл сайын өткізілетін "Бейбітшілік үшін серіктестік" қазақстандық оқу-жаттығу орталығы мен "Дала қыраны" бітімгершілік оқу-жаттығуының әрі қарай дамуына қолдау білдіретіндерін танытты. 2014 жылы оқу-жаттығу алғаш рет Қазақстаннан тыс жерлерде, дәлірек айтқанда, Германияда өткен болатын. Биылғы жылы "Қазбат" ротасы да "Дала қыраны" сайысы шеңберінде бірлесіп дайындалу үшін Ұлыбританияға жөнелтіледі.

Сапар барысында генерал-майор Мұхтаров НАТО-ның Бас хатшысы Александр Вершбоумен кездесті. Онымен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің НАТО-мен өзара іс-қимылы мәселелерін талқыға салды. Александр Вершбоу Қазақстанмен ынтымақтастықтың жалғасуына НАТО-ға берілетін мән-мағынаны және бітімгершілік әлеуеттің дамуы аясында өңірдегі еліміздің басымдық бағыттарын атап өтті.

Барлығына мәлім, ҚР Парламентінің қаулысына сәйкес 2014 жылдан бастап Қазақстан Батыс Сахарасы мен Кот-д’Ивуардағы БҰҰ-ның миссияларына өздерін кәсіби және дайындалған офицерлер ретінде ұсынған әскери бақылаушыларын жолдайды. Болашақта қазақстандық Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін жолдау мәселесі қарастырылуда.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!