1 млн-нан астам азаматтың жер алу кезегін шешіп беруіміз керек - М.Әбенов

Фотография - 1 млн-нан астам азаматтың жер алу кезегін шешіп беруіміз керек - М.Әбенов

Қолда бар мәліметтерге көз жүгіртсек, елімізде үй салу үшін 10 соттық жер алу кезегінде 1 миллионнан астам азамат кезекте тұр екен

421 0

Бүгін Астанада өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында қоғам қайраткері әрі аталған комиссияның мүшесі Мұрат Әбенов елімізде тұрғын үй салу үшін 1 миллионнан астам азамат жер алу кезегінде тұрғандығын айтып, осы мәселенің шешілуіне көмектесу керектігін айтты, - деп хабарлайды Baq.kz. 

Қолда бар мәліметтерге көз жүгіртсек, елімізде үй салу үшін 10 соттық жер алу кезегінде 1 миллионнан астам азамат кезекте тұр екен. Оның үстіне соңғы кездері қоғам арасында бұл мәселе жер-жерлерде қызу талқылануда. Жаңа Бақытжан Сағынтаев мырза Жер реформасы жөніндегі комиссиясының ел ішіндегі абырой-беделі мен бұқараның сенімі жөнінде өте орынды пікір айтты. Соған қосымша, айтқым келетіні: егер жоғарыда аталған кезекте тұрған 1 миллионнан астам азаматтың мәселесін оңтайлы шешіп, реттеп беруге атсалысатын болсақ, коммиссияға деген сенімділік те нығая түсетіні сөзсіз, - деді М. Әбенов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!