Синоптиктер еліміздің солтүстігінде бұршақ және жел болады деп болжауда

Фотография - Синоптиктер еліміздің солтүстігінде бұршақ және жел болады деп болжауда

Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады.

321 0

Дүйсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте және шығыста бұршақ болуы ықтимал деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖК сайтында.
Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ болуы ықтимал, Қостанай облысында түнде тұман түседі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп,  найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ болуы ықтимал.Атырау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!