Брюссельде Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығы талқыланды

Фотография - Брюссельде Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығы талқыланды

Бельгияның астанасына қазақстандық делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров бастаған топ барды.

237 0

Қорғаныс министрлігінің делегациясы Брюссель қаласында НАТО-ның штаб-пәтерінде серіктестік және ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің отырысына қатысты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Бельгияның астанасына қазақстандық делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров бастаған топ барды.

НАТО-ның штаб-пәтерінде 28 елдің делегациясы "Жоспарлау және талдау үдерісі" (ЖЖТҮ) бағдарламасын талқылады. Онда қазақстандық әскерилер Солтүстік Альянспен арадағы қарым-қатынасқа зор мән беретінін, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесуде НАТО-ға мүше елдердің өкілдері еліміздің Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерінің даярлығына жоғары баға беріп, 2003 жылдан бері Солтүстік Альянс мемлекеттері бөлімшелерінің қатысуымен өткізілетін "Бейбітшілік үшін серіктестік" пен "Дала қыраны" бітімгершілік оқу-жаттығуын қолдап отыратындарын айтты.

Сапар барысында генерал-майор Мұхтаров НАТО-ның бас хатшысы Александр Вершбоумен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Фото -

filename



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!