Елбасы Әлихан Байменовты қабылдады

Фотография - Елбасы Әлихан Байменовты қабылдады

Кездесуде Ә.Байменов Мемлекет басшысын Өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабаарлады

222 0

Елбасы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Ә.Байменов Мемлекет басшысын Өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті.
Хабтың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып отырғаны, қазіргі кезде Сингапур орталығымен бірге оның мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді.
Бұдан бөлек, Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес бола отырып, бұл платформаның тиімділігін айтып, хабтың іс-шараларын бірге қаржыландыруда.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!