Қазақстанда 2018 жылдан бастап педофилдерге химиялық кастрация тағайындалады

Фотография - Қазақстанда 2018 жылдан бастап педофилдерге химиялық кастрация тағайындалады

Ол сот-психиатриялық сараптама шешімінің негізінде тағайындалатын болады

312 0

Қазақстанда педофилдердің химиялық кастрациясы 2018 жылдан бастап сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювиналды полиция полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Тергеу барысында сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі кәмелетке толмағандарға қатысты әуестігі анықталса.осы шешім негізінде оған жыныстық әуестікті төмендететін дәрілер қолданылады. Бұл норма 2018 жылдан бастап қолданылады", – дейді Оспанов.

"Химиялық кастрация – бұл жыныстық әуестікті төмендететін дәрілерді қабылдау. Бұл заң жобасын мемлекеттік органдарымен талқылау барысына депутаттар бұл норманы қолдады. Алдымен халықаралық тәжірибе зерттелді", –  деп түсіндіріп  кетті ол.

Естеріңізге салсақ, 23 мамырда Қазақстанда электронды нұсқадағы педофилдердің мәлімет базасы пайда болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!