Эйр Астана: Моңғолиялық авиация билігінің әрекеттері негізсіз

Фотография - Эйр Астана: Моңғолиялық авиация билігінің әрекеттері негізсіз

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе тасымалы туралы үкіметаралық келісім 1992 жылы рәсімделген болатын.

265 0

"Эйр Астана" әуе компаниясы Моңолияның авиациялық билігінен әуекомпанияның Улан-Баторға ұшуға рұқсат қағазын қайтарып алу туралы шешімін қайта қарауды сұрайды. 

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе тасымалы туралы үкіметаралық келісім 1992 жылы рәсімделген болатын. Ал 2014 әуе рейстерін ашу туралы меморандумға қол қойылды. Астана мен Улан-Батор арасындағы алғашқы рейс ағымдағы жылы маусымның 2-сі күні ұшады деген жоспар болған. Компания көрші елдің азаматтық авиация органдарының барлық тексерістерінен өтті. Наурыз айында тиісті рұқсат қағазы келген. Алайда сәуірде Моңғолия себепсіз ол құжатты қайтарып алды. Бұл іске индустрия және сауда министрлігі, сондай-ақ сыртқы істер министрліктері араласса да, Моңғолияның авиациялық билігі өз шешімін өзгерткен жоқ.

"Моңғол тарапының мұндай әрекеттері негізсіз. Біріншіден, 14 жылдан бері қызметін сәтті атқарып отырған "Эйр Астанаға" бірде-бір елге ұшуға тыйым салынған емес. Екіншіден, "Эйр Астана" операциялық қауіпсіздік аудитін ешқандай ескертпелерсіз өтті. Үшіншіден, Қазақстан мен Моңғолия арасында рейстер жасау туралы үкіметаралық келісім бар", — делінген дүйсенбіде таратылған мәлімдемеде. 

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!