ОҚО-да қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті

Фотография - ОҚО-да қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті

Отырыс қорытындысы негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қоғамдық кеңес жанынан 3 жұмысшы тобы құрылды

401 0

"Нұр Отан" партиясының жергілікті филиалында облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Мәжіліске өңір басшысы мен Қоғамдық кеңес мүшелері, белсенді қоғамдық ұйым жетекшілері мен шаруа қожалықтары, сонымен қатар, өндірістік кооператив төрағалары қатысты.

Отырыста ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерлерді тиімді пайдалану мәселесі мен мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерлерін ҚР азаматтарына аукциондарда сату арқылы жеке меншікке беру жайы қаралды.

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері Оңтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерін талқыға салды. Онда Жер реформасы жөніндегі комиссия жанынан төрт топтың құрылып, арнайы "Jerturaly.kz" порталының iске қосылғандығы және облысымызда жер мәселелері бойынша жұмыс істейтін бірыңғай "Call-орталығы" жайы сөз болды.

Өз кезегінде, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов ауыл шаруашылығы саласы бойынша бүгінге дейін ешқандай жердің шетелдік компанияларға берілмегенін жеткізді. Басқарма басшысының айтуынша, облыста тек өндірістік бағытта ғана шетел компанияларымен бірлескен кәсіпорын есебінде өндірістік мақсаттағы жерлер пайдаланылуда.

Аталған мәселе аясында сөз алған өңір басшысы жеке меншікке берілген жерлерге қайта мониторинг жүргізіп, олардың пайдалану мақсаты бойынша сараптама жасауды жүктеді.

Отырыс қорытындысы негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қоғамдық кеңес жанынан 3 жұмысшы тобы құрылды. Құрамы 5 азаматтан тұратын жұмысшы топтарға кеңес мүшелері, депутаттар, қоғамдық ұйым жетекшілері мен белсенді азаматтар енгізілген. Мақсатты топтар облыстың барлық аудан, қалаларына барып, жер мәселесі бойынша ойын білдірген азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жинап, талдайтын болады. Сарапталған жұмыстар кеңестің алдағы уақыттағы отырысында талқыланбақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!