ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері 10 маусымнан бастап сатылады

Фотография - ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері 10 маусымнан бастап сатылады

Алғашқы сатып алушылар үшін арнайы ұсыныстар дайындалған.

998 0

10 маусым күні "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастайды, ал кассаларда шамамен тамыз айында саудаланады. деп хабарлайды Bnews.kz.

Алғашқы сатып алушылар үшін арнайы ұсыныстар дайындалған. Толығырақ жақында хабарланады. Әзірге tickets.expo2017astana.com ресми сайтында билет сатып алуға өтінім қалдыруыңызға болады.

"Нақты билет құнын таңдалып қойылған оператор белгілейді. Жалғыз ғана айтарым, билет құны кинотеатр билеттерінен айтарлықтай қымбат болмайды.Халықаралық көрмелер бюросымен ең арзан баға жөнінде келісімге қол жеткіздік. Мұны қазақстандықтар көрмені барынша тамашалауы үшін жасап отырмыз", – деді "ЭКСПО-2017" басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, Есімовтың айтуынша, басқарма көрмені халықаралық деңгейде насихаттаумен қарқынды айналысып жатыр.

"Бұл басты бағыттарымыздың бірі. Ол үшін әлемдік ірі шаралар, әлемдік жетекші БАҚ-тар пайдаланылуда. Бүгінгі күні шаралар мен медиа бойынша қамту 200 млн адамнан асады, жылдың соңына дейін 500 млн-ға жеткізуге тиіспіз. Көрме басталғанға дейін бүкіл әлем бойынша 900 млн адамға дейін жеткіземіз. Халықаралық қауымдастық көрмеге үлкен қызығушылық білдіруде. Бүгінде 84 ел және 14 халықаралық ұйым қатысатындығын растады. Ал жалпы көрмеге кемінде 100 елді  тартуымыз керек. Ол межеге жетеміз деген ойдамын, өйткені 84 елдің қатарына жекелеген бағдарламалар бойынша келетін 20 дамушы елдерді қосуға болады", – деді "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің төрағасы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!