ҰБТ-2016: алғашқы нәтижелер

Фотография - ҰБТ-2016: алғашқы нәтижелер

Фото: today.kz

Алғашқы күннің қорытындылары Ұлттық тестілеу орталығының Testcenter.kz сайтында жарияланды.

2694 0

Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижелері жарияланды. 

Алғашқы күннің қорытындылары Ұлттық тестілеу орталығының Testcenter.kz сайтында жарияланды. Ол үшін көрсетілген сайтқа сілтеме бойынша өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет.  Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші – қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды. Айта кету керек, биыл талапкерге қойылған талап өзгерген жоқ. Оқушылар 5 пән бойынша тест тапсырады. 3,5 сағатта 125 сұрақтың жауабын табуы тиіс. Жоғары оқу орнына түсемін десе, кемінде 50 ұпай жинауы шарт. Ал ұлттық университетте білім алғысы келетіндердің көрсеткіші 70 балдан төмен болмауы керек. Десе де аз-кем өзгерістер бар. Нақтырақ айтқанда, сынақтан сүрінгендер ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Ертеңнен бастап апелляциялық комиссиялар үшін қызу жұмыс басталады. Ал алдағы 7 күнде сынақтың тағы үш легі өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!