ҰБТ-ның бірінші күні Ерлан Сағадиев Алматының төрт тестілеу пунктінде болды

Фотография - ҰБТ-ның бірінші күні Ерлан Сағадиев Алматының төрт тестілеу пунктінде болды

Министр Абай атындағы ҚАЗҰПУ, ҚазҰАУ, Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болды.

507 0

ҰБТ-ның алғашқы күнінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 4 тестілеу пунктінде болып қайтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, министр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ұлттық тестілеудің ұйымдастырылуы мен өткізілу барысымен танысты.

Сонымен қатар, Ерлан Кенжеғалиұлы ата-аналармен, түлектермен  әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап беріп, бірқатар мәселені түсіндірді.

Е.Сағадиев ҰБТ-ның ұйымдастырылу деңгейіне оң баға беріп, тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қолға алынған іс-шаралардың маңыздылығын айрықша атап өтті. 

ҰБТ еліміздің барлық өңірінде 2016 жылдың 2-10 маусымы аралығында өтеді. Бұл мақсатта арнайы жабдықталған 165 пункт құрылды. Тесттік тапсырмалар базасы әдеттегідей жаңартылған.

Фото -






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!