ҚР Бас прокурорының орынбасарлары тағайындалды

Фотография - ҚР Бас прокурорының орынбасарлары тағайындалды

Талғат Мамыртайұлы Қойбақов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

372 0

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

 Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен; Талғат Мамыртайұлы Қойбақов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен; Мұрат Кәрібайұлы Бектанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

 Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды; Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне; Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне; Марат Рахымұлы Құсайынов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне; Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!