Қазақстан сотталғандар саны жағынан әлемде 61-орын алады

Фотография - Қазақстан сотталғандар саны жағынан әлемде 61-орын алады

Бүгінгі таңда Қазақстан 100 мың адамға шаққанда абақтыда отырған тұтқындар саны жағынан 61-орында тұр.

474 0

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Биыл 5 мыңнан аса адам жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Соңғы бір жарым жылда 21 мыңнан астам. Шартты-мерзімінен бұрын босағандар саны 15 пайызға ұлғайды. Жазаны жеңілдету жағдайы бір жарым есеге артқан. Бүгінгі таңда Қазақстан 100 мың адамға шаққанда абақтыда отырған тұтқындар саны жағынан 61-орында тұр. 2002 жылы еліміз әлем бойынша үшінші орын алған еді", - деп мәлім етті Б.Бердалин.

Сондай-ақ ол қазақстандық түрмелерде қылмыс саны 50%-ға төмендегенін атап өтті. 








Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!