ҰБТ алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 түлек жинады

Фотография - ҰБТ алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 түлек жинады

Тестілеудің алты күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды

1781 0

Ұлттық бірыңғай тстілеуде  өткен алты күннің нәтижесі бойынша ең жоғары 125 балды 19 қазақстандық түлек жинады деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, тестілеудің алтыншы күні 10 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Тестілеудің алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады.

"Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күні өткізілді. 2-7 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 81990 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 59832, орыс тілінде – 22158 бітіруші", - делінген хабарламада.

Тестілеудің алты күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!