1216

9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фотография - 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

"Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі жарияланды.   Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

  "Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын", делінген хабарламада.