Еліміздің басым аумағында жауын жауады

Фотография - Еліміздің басым аумағында жауын жауады

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, аптап ыстық болады

173 0

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, аптап ыстық болады

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Қызылорда, Манғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында жел тұрады, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде, сондай-ақ Қызылорда облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!