Асылжан Мамытбеков Астана банкінің тәуелсіз директоры болды

Фотография - Асылжан Мамытбеков Астана банкінің тәуелсіз директоры болды

Астана Банкінің акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша, директорлар кеңесінің мүшесі Махамбет Хасеновтың қызметінен босатылды.

187 0

Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков "Астана банкі" АҚ директорлар кеңеснің құрамына кірді, деп хабарлады несие ұйымы. 

Астана Банкінің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 6 маусымдағы шешімі бойынша, директорлар кеңесінің мүшесі Махамбет Хасеновтың қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Акционерлер директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне тәуелсіз директор ретінде ҚР ауыл шаруашылығының экс-министрі Асылжан Мамытбековті тағайындау туралы шешім шығарды.

Белгілі болғандай, Асылжан Мамытбеков мамыр айында отставкаға кеткен болатын. 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!