Алматының барлық мемлекеттік мекемелерінде тулар төмен түсірілді

Фотография - Алматының барлық мемлекеттік мекемелерінде тулар төмен түсірілді

Фото: ©Арман Мухатов

Бүгін бүкіл еліміз бойынша Ақтөбедегі теракті кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды.

273 0

Бүгін бүкіл еліміз бойынша Ақтөбедегі теракті кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды. Осыған байланысты Алматының барлық мемлекеттік мекемелерінде тулар төмен түсірілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы орын алған теракті жөнінде ресми мәлімдеме жасап, қазақстандықтар елімізді қорғау үшін жұмылу қажеттігін атап айтты.

"Барша халықты, барлық саяси және қоғамдық ұйымдарды жұмылуға шақырамын. Тыныштығымызды, тұрақтылығымыз бен қазақстандықтардың достығын қорғайтындығымызды көрсетуіміз керек! Мемлекет қоғам мен елдің іргесін шайқалтуға әрекеттенгендермен күресуге қосымша шаралар қабылдайды. Біз оларды арнайы қарап, қорытынды жасаймыз", – деп атап өтті президент.

Еліміздің белгілі қайраткерлері, әртістер, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметшілер қаза болған ақтөбеліктердің отбасына көңіл айтты. Көптеген қазақстандықтар қаза тапқандардың отбасыларының есеп-шоттарына бір күндік жалақыларын аударып, ауруханада жатқандар үшін қан тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда қылмыскерлер Ақтөбеде "Паллада" және "Пантера" қару-жарақ дүкендеріне қарулы шабуыл жасап, мұнан кейін ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөлімін басып алмақшы болған. Ол үшін "MAN" маршруттық автобусын басып алып, ондағы жолаушылар мен жүргізушіні түсіріп жіберіп, автобуспен тексеру-өткізу пунктінің қақпасын құлата, қару-жараққа қарай беттеген. Алайда олар қару-жараққа қол жеткізе алмады. Қарауыл күзетшісі қару қолданып, олардың бөлімнің аумағына әрі қарай енуіне жол бермеді.

Барлығы Ақтөбедегі теракт салдарынан төрт лаңкес, төрт әскери қызметші, үш бейбіт тұрғын қаза болды. Түнде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде ұстау және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету кезінде тағы 5 қылмыскердің көзі жойылып, 2-уі ұсталды.

Ақтөбе облысының ІІД бой тасалаған қылмыскерлерге тұспалдама таратты. Олардың бесеуі – Ақтөбе, екеуі Қызылорда және Ақмола облыстарының тумалары. Ең ересегі 34 жаста.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!