Еліміздің бірқатар өңірінде күн ысиды

Фотография - Еліміздің бірқатар өңірінде күн ысиды

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды облыстарының кей аумағында аптап ыстық болады

216 0

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, оңтүстік, оңтүстік-шығыста аптап ыстық болады

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстанда тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында жел тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды облыстарының кей аумағында аптап ыстық болады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!