Қазақстанда екі облыстың прокрорлары ауысты

Фотография - Қазақстанда екі облыстың прокрорлары ауысты

Енді БҚО ұрыңғы прокуроы мен оның орынбасары Павлодар және Қызылордаға барады.

267 0

Павлодар және Қызылорда облыстарының прокурорлары ауысты деп хабарлайды, Today.kz ҚР Бас проуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың 2016 жылғы 10 маусымдағы бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Серік Сәдуақасұлы Қараманов Павлодар облысына, ал әділет аға кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов Қызылорда облысының прокуроры қызметіне тағайындалды. 

1955 жылдың 25-қазанында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келді. Аға әділет кеңесшісі. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ң заң факультетін бітірген (1979).

Жас маманның еңбек жолы 1979 жылы Алматы қаласы Ленин ауданы прокуратурасының тергеушісінен басталды.

1984-1986 жылдары — Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының орынбасары. 1986-1991 жылдары – Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры. 1991-1995 жылдары – Алматы қаласы прокурорының орынбасары.

1995-1998 жылдары — Жамбыл облысыныңпрокуроры.

1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның азаматтық, әкімшілік, шаруашылық істер және атқарушылық өндіріс бойынша сот қаулыларын қадағалау Департаментінің бастығы.

2001-2004 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның қылмыстық істерді сотта қаралуын қадағалау бойынша Департамент бастығы. 

2005-2007 жылдары — Қарағанды облысының прокуроры.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының бастығы. 

2008-2009 жылдары – Астана қаласы прокурорыныңорынбасары.

2009-2010 жылдары – Астана қаласы прокурорыныңбірінші орынбасары.

09.12.2010 - 06.09.2012 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның арнайы прокурорлар Департаментінің бастығы. 

С.С. Қараманов "Қазақстан Конституциясына 10 жыл (2005 ж.)мерекелік медальмен, "Құрмет" (2009 ж.) орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011 ж.) мерекелік медальмен марапатталды.

Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов 1964 жылы 14 қарашада дүниеге келген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1991 жылы прокуратурада машықтанушы болып бастап, Атырау қаласының прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы сияқты қызметтерді атқарды. 1994 жылдан Атырау облысы прокуратурасында жалпы қадағалау бөлімінің бастығы. 1999 жылдан бастап ҚР бас прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, департаменттің аға прокуроры, одан кейін Орал қаласының прокуроры болып қызмет атқарды. 

2003 жылдан Атырау облысы прокуратурасында бөлім бастығы. 2004 жылдан бастап Атырау облысының Жылыой, Мақат аудандарында прокурор. 2010 жылдың шілдесінен 2012 жылдың наурызына дейін Атырау қаласының прокуроры. 2012 жылдың наурызынан Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болды. 2013 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облысы Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!