Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр – Дін істері комитеті

Фотография - Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр – Дін істері комитеті

NoneҚазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр – Дін істері комитеті

367 0

Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер жөніндегі комитеттің басшысы Ғалым Шойкиннің айтуынша, қазіргі кезде комитет мамандары осы мәселені тыңғылықты зерделеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

"Біз оның салдарын жан-жақты зерделеп шығуымыз қажет. Бұдан бөлек, егер ондай шешім қабындаса, мемлекеттік органдар да, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы да тиісті жұмысқа дайын болуы керекетігін түсінуіміз керек Бұл проблеманы кеңінен қараған жөн. Қандай да бір радикалды шаралар қолға алынса, оған қатысты әдебиеттер, аудио және бейне материалдар бойынша тиісті шешім қабылдануы шарт. Бұл – кешенді жұмыс. Оны бір ғана шешіммен қамту мүмкін емес", - дейді Ғ.Шойкин.

Комитет басшысының айтуынша, бүгіне Қазақстанда салафизмді ұстанатын адамдардың нақты санын шығару мүмкін болмай отыр. Бірақ, шамамен олардың саны 15 мыңға дейін жетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!