Беларусь елі Ақтөбедегі лаңкестік туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады

Фотография - Беларусь елі Ақтөбедегі лаңкестік туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады

Мемлекет басшысының атына Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан көңіл айту жеделхатын жіберген.

462 0

Мемлекет басшысының атына Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Беларусь елінің Ақтөбедегі әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды қазаға ұшыратқан террористік акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен.

"Беларусь терроризмнің кез келген көрінісіне ымырасыз қарсы тұру ісінде достас Қазақстанмен әркез ынтымақтастықта болады", - делінген хатта.

А.Лукашенко Қазақстан Президентіне, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!