Дәурен Абаев "Азаматтарға арналған үкіметтің" жұмысымен танысты

Фотография - Дәурен Абаев "Азаматтарға арналған үкіметтің" жұмысымен танысты

Ашық сұхбат порталында өтініштер саны 190 000 асып түсті.

250 0

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация бөлімдеріне, "ҰАТ" АҚ мен "1414" Бірыңғай байланыс орталығына барды, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекеттік корпорацияда Дәурен Абаевқа компанияның барлық фронт-офистерін біріздендіру жұмыстарының аясында жаңғыртылған ЗТМО офисі таныстырылды. Офистердің инфрақұрылымын жаңғырту халыққа мемлекеттік қызметтер ұсынудың бірыңғай қағидаттарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Бүгінде ЗТМО офистарының 90%-ы кедергісіз қызмет көрсетуге көшіріліп, жұмыс уақыты 9.00-ден 20.00-ге дейін ұзартылды.

Естеріңізге сала кетсек, "Азаматтарға арналған үкімет" төрт негізгі: "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК қосылғаннан кейін осы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Жаңа құрылым 530 мемлекеттік қызметті біріктірді, ал жақында мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік корпорацияға беру үшін тағы 53 қызметті айқындады. Осылайша, жақын уақытта тұрғындар "Азаматтарға арналған үкімет" фронт-офистері арқылы 583 қызметті ала алады.

Сондай-ақ ведомство басшысы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға барып, ҚР Ашық үкіметінің компоненттерімен танысты. Олар төрт жұмыс істейтін порталдан тұрады: Ашық мәліметтер, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер және Ашық сұхбат. Бесінші компонент – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды.

Жобаны іске асыру мемлекеттің ашықтығы мен есептілігі деңгейін арттырудан басқа, мемлекеттік органдардың шешімдерін дайындауға және іске асыруға қоғамның барынша белсенді қатысуын және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.

Бүгінде Ашық үкімет порталында ашық мәліметтердің 800-ден астам жиынтығы, 1700-дей НҚА және 160-тан астам бюджет қолжетімді, ал Ашық сұхбат порталында өтініштер саны 190 000 асып түсті.

Бұған қоса,  Дәурен Абаев 1414 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының (ББО) жұмысымен танысты. Күнделікті ББО-ға Қазақстан бойынша кемінде 14 000 қоңырау келіп түседі, оларды 120 оператор өңдейді. Атап өтсек,  ББО-да 704 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беру жүзеге асырылады және биылғы жылдың соңына дейін кеңес беру үшін тағы 35 қызметті қабылдау жоспарланып отыр, деп мәлімдеді ҚР АКМ баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!