Бүлікшілер әрекеті үшін имамдарды кінәлауға болмайды - дінтанушы

Фотография - Бүлікшілер әрекеті үшін имамдарды кінәлауға болмайды - дінтанушы

Белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан имамдар жат ағыммен ағартушылық бағытта талмай жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді.

223 0

Бұл туралы ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында атап өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан имамдар жат ағыммен ағартушылық бағытта талмай жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді.

"Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау – орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа Діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді", – деп атап өтті Мұхан Исахан.

Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты ҮНДЕУ қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайы, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолы және қоғамның діни сауаттылығын көтеру жайы талқыланды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!