Астанада отандық тауар өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылады

Фотография - Астанада отандық тауар өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылады

Жаңа сауда үйі шетелдік компаниялармен тікелей жұмыс істеуге жол ашады.

496 0

Елордада қала күніне орай отандық тауар өндірушілердің алғашқы «Самғау» сауда үйі пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Қайырлы Таукен мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"6 шілде – Астана күні тек отандық тауар өндірушілердің өнімдері саудаланатын еліміздегі алғашқы сауда үйі пайдалануға беріледі. Барлық тауарлар мен қызметтер «Қазақстанда жасалған» және «Халық маркасы» халықтық сапа белгілерімен ұсынылады. Сауда үйі аумағында еліміздің 14 облысы, Алматы мен Астана қалаларындағы 300-ге жуық фирма мен компания өз өнімдерін қоя алады", - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа сауда үйі шетелдік компаниялармен тікелей жұмыс істеуге жол ашады.

"Бұл жоба отандық және шетелдік дистрибьютерлермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни, ел экспортын арттыруға жағдай жасалады. Сауда үйі бөлшек және көтерме сауда-саттық орталығы ғана емес, шетелдік меймандарға қазақстандық нарықтың жетістігін паш ететін алаңға айналады", - деді вице-президент.

Сондай-ақ, Қайырлы Таукен аталмыш жоба әлеуметтік аз қамтылған топтарға елеулі көмек болатындығын баса айтты.

"Жобаға қатысуға ниет танытқан отандық өндірушілер "Халық маркасы" белгісін жарнамалық мақсатта екі жылға дейін тегін пайдалана алады.

Басты артықшылық – барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7%-дан аспайды. Себебі, бағаның өсіміне әсер ететін делдалдық жүйе болмайды. Бұл дағдарыс кезеңінде ел тұрғындарына, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне елеулі қолдау болады", - деді ол.

Айта кетейік, аталмыш сауда үйінің аумағы бастапқы кезеңде 5 000 ш.м құрайы.  





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!