ІІМ басшысы Ақтөбеде джихад жариялағандардың жоспары туралы айтып берді

Фотография - ІІМ басшысы Ақтөбеде джихад жариялағандардың жоспары туралы айтып берді

Қалмұхамбет Қасымов істің егжей-тегжейімен бөлісті

1994 0

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов 5 маусым күні Ақтөбеде болған оқиғаның анықталған кей жайттары туралы айтып берді, деп жазады Today.kz.  Тергеу нұсқасы бойынша 45 адам шабуыл ұйымдастыруды жоспарланған екен. Барлық күдіктілердің тұлғасы анықталды.

"Олардың саны анықталды, 45. Бірақ олар джихад жариялап пәтерден шыққан кезде 19 адам бас тартқан. Қазір біз олардың барлығын анықтадық, сұрау алудамыз. Келіскен 29 адам үйден шыққан. Жолда тағы 3 адам бас тартқан. Дүкенге жақындаған уақытта 25 адам болғанын байқадық. Тағы біреуі жолдан қалып қалған. Сұрау барысында олар алдымен қаруды қолға түсіру, содан кейінгі мақсат колония мен мемлекеттік мекемелерді басып алу болғанын айтады. Шабуылдаушы жақтан 18 адам көз жұмды, төртеуі жаралы, ұсталғандардың барлығы тоғыз адам", - дейді министр.

5 маусым күні терроршылар жиналған пәтер де анықталды. Қылмыс алдында олардың барлығы сол пәтерге ұялы телефондарын тастап кеткен. "Паллада" дүкеніне шабуыл 10 минутқа созылған.  "Күзет" қызметкерлері оқиға орнына хабар келіп түскеннен кейін 4 минутта келіп жеткен, олардың бірі бірден оққа ұшты. Үш минуттан кейін полиция жасағы келіп, атыс басталған.

"Полицейлер оларға бірден 14 адам оқ жаудырады деп күтпеген. Одан кейін қылмыскерлер екі топқа бөлінді. Бір тобы екінші дүкенге беттеп, онда жалпы сегіз минут болған. Төрт минуттан кейін полиция жасағы келген атыс кезінде үш қылмыскердің көзі жойылды, біреуі жараланып қолға түсті. Екеуі аулаға кіріп көлікті айдап кеткен, кейін екеуі де қарсылық көрсету кезінде көзі жойылды. Екінші топ автобусты тоқтатып, онымен әскери бөлімге бет алған. Қақпаны бұзып кірген, кіре берісте қаруланбаған әскерилер оларға қарсылық көрсете алмаған. Олар әскери техника тұрған гараждарға келгенде қатты қарсылыққа тап болады да мақсаттарына жете алмасын біліп, қоршаудан секіріп шығып, автобусқа отырып, қала сыртына беттеген. Кейін арнайы операция барысында жетеуінің көзі жойылып, біреуі жаралы күйде қолға түсті. Бес адамнан тұратын екінші топ блок-постқа шабуылдайды біреуі жараланады, екіншісі көз жұмады, ал үшеуі қашып үлгереді.  Оларды міне сенбі-жексенбі күндері қолға түсірдік. Қарсыласу кезінде біреуі жараланды", - дейді ішкі істер министрі.

Естеріңізге салсақ, 13 маусымдағы жағдай бойынша Ақтөбе ауруханаларында қанды оқиғада зардап шеккендерден сегіз адам жатыр.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының нақты мәліметі бойынша, маусымның бесінен он үші аралығында Ақтөбе стационарларына 40 адам жеткізілген. Олардың бірі 10 маусым күні Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!