Литва EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Фотография - Литва EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Бүгінгі таңда 90 мемлекет көрмеге қатысатындарын ресми түрде растады

225 0

2016 ж. 13 маусымда "ЭКСПО-2017" Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Литва Республикасына сапары орын алды. Вильнюс қаласындағы сапар бағдарламасы шеңберінде Литваның Қоршаған ортаны қорғау министрі Кястутис Тречёкаспен, Литваның "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуына жауапты ұлттық секция Комиссары Ромас Янкаускаспен және астаналық көрмеге қатысуды жоспарлап отырған сол елдің іскерлік өкілдерімен кездесулер өтті, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К. Тречёкас және Р. Янкаускаспен кездесу барысында елдер арасындағы екіжақты өзара әрекеттестіктің перспективалары мен даму бағыттары, Литва үкіметінің және "жасыл" технология саласындағы жергілікті компаниялардың көрмеге қатысу талаптары, сондай-ақ Литваның қайта жаңартылмалы және балама энергия көздері саласындағы жүзеге асырылуы мүмкін жобалары талқыланды.

Астана көрмесінің негізгі тақырыбын назарға ала отырып, К. Тречёкас елде атом және көміртегімен жабдықталған литвалық энергетикалық жүйенің баламалы энергия көздеріне ауыстырылуын мақсат тұтатын "Литваның 2050 жылға дейінгі тұрақты энергетикалық тұжырымдамасы"  бекітілгендігін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Р. Жошыбаев және Р. Янкаускас Литва тарапының "ЭКСПО-2017" көрмесіне Қатысуы туралы шартқа қол қойды.

Фото -

Бүгінгі таңда 90 мемлекет және 16 халықаралық ұйым астаналық көрмеге қатысатындықтарын  ресми түрде растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!