Конституциялық кеңестің төрағасы тағайындалды

Фотография - Конституциялық кеңестің төрағасы тағайындалды

Елбасының Жарлығымен Конституциялық Кеңестің төрағасы болып Игорь Рогов қайта тағайындалды.

402 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Конституциялық Кеңестің төрағасы болып Игорь Рогов қайта тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің "И.И. Роговты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы №280 Жарлығында айтылған.

Игорь Рогов 1950 ж. мамырдың 17-інде Әзірбайжанның Баку қаласында туған. Орыс.

Әкесі – Рогов Иван Григорийұлы, қайтыс болған, әскери қызметкер, инженер-геолог болған. Анасы – Тагильцева Валентина Степанқызы, қайтыс болған, мұғалім болып жұмыс істеген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1973), құқықтанушы.

Заң ғылымдарының докторы.

Докторлық диссертациясының тақырыбы: "Экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеу)" (1991). Профессор (1994). ҚР-ның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2001).

Қазақ және неміс (ауызекі тіл) тілдерін біледі.

1967–1968 жылдары – Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы.

1973 жылдан – Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі.

1975 жылдан – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің ассисенті, аға оқытушысы, деканының орынбасары, доценті.

1990 жылдан – ҚР Президенті Кеңсесі мен Министрлер Кабинеті мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, аға референті, құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі.

1992 жылдан – ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары.

1995 жылдан – ҚР Президентінің көмекшісі.

1997 жылдан – ҚР Президентінің Кеңесшісі. 2000 жылдан – ҚР Әділет министрі.

2002 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары – ҚР Мемлекеттік-құқықтық Басқармасының бастығы.

2004 ж. маусымның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан криминологиялық қауымдастығының президенті.

Үйленген. Әйелі – Рогова Валентина Георгийқызы (1950 жылы туған), адвокат. Ұлы – Денис (1974 жылы туған), заңгер. Қызы – Светлана (1982 жылы туған), заңгер.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!