Биылғы жылы ҰБТ-ның республика бойынша орташа балы - 81,2

Фотография - Биылғы жылы ҰБТ-ның республика бойынша орташа балы - 81,2

Түлектердің 61739-ы қазақ тілінде тапсырды. Ал орыс тілінде тест тапсырғандардың саны 22340 баланы құрайды.

214 0

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева айтты. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлады.

"Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 2-сі мен 9-ы аралығында өткізілді. Тестілеуге өтініш бергее 86999 түлектің 84079-ы қатысты. ҰБТ еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларындағы 165 пунктте өтті. Түлектердің 61739-ы қазақ тілінде тапсырды. Ал орыс тілінде тест тапсырғандардың саны 22340 баланы құрайды. Тестілеудің нәтижесі бойынша шекті 50 балды 14252 түлек (16,95%), оның ішінде қазақ тілінде тапсырған - 10267, орыс тілінде тапсырған - 3985 оқушы жинай алмады. Тест кезінде тәртіп бұзған 38 оқушы шығарылып жіберілді", - дейді Ләззат Бөлебаева.

Оның айтуынша биылғы жылы көрсеткіштер жоғарылаған.

"Биылғы жылы республика бойынша орташа бал 81,2 болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 79,4 болған еді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 балға көбейді. Сондай-ақ 100 балдан жоғары жинаған түлектер саны болса 16565 болса, 19 түлек 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берді. Былтырғы тек бес бала ғана бұл межені бағындырған еді. Ал тестке қатысқандардың 20 пайызы 100 балдан асырды. Яғни 16565 түлек 100 балдан жоғары жинады", - дейді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!