Кәрім Мәсімов: Ақтөбеде тыныштық пен қауіпсіздік қалпына келтірілді

Фотография - Кәрім Мәсімов: Ақтөбеде тыныштық пен қауіпсіздік қалпына келтірілді

Жиын қорытындысы бойынша К.Мәсімов аймақты дамыту бойынша облыс басшысына бірқатар міндеттер жүктеді.

160 0

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақтөбеде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен. Іс-шараға бірқатар мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялар басшылары, облыс активі мен қоғам өкілдері қатысты.

Кеңес жұмысын ашқан К.Мәсімов Ақтөбеге ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасымен келгенін айтып өтті.

"Бүгін Мемлекет басшысына өңірдегі жағдай бақылауда екенін айттым. Бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздік қалпына келтірілді. Бұл өте маңызды", — деді К.Мәсімов. Сонымен қатар ол аймақта өзекті мәселелер шешіліп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданды, теракт құрбандарының туыстарына тиісті жәрдем көрсетілді, деп атап өтті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрге ағымдағы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, 100 нақты қадам — Ұлт жоспары, индустриялық-инновациялық даму, "Нұрлы жол" бағдарламаларының жүзеге асуы, бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында шығарылатын өнім көлемі артқаны жайлы баяндады.  

Жиын қорытындысы бойынша К.Мәсімов аймақты дамыту бойынша облыс басшысына бірқатар міндеттер жүктеді. Премьер-Министр әлеуметтік мәселелерді шешуге — еңбекпен қамту, мектептер мен балабақшалардың құрылысы, жастармен жұмыс мәселелеріне баса назар аударды. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!