Алматы облысында пара алды деген күдікпен екі шенеунік тұтқындалды

Фотография - Алматы облысында пара алды деген күдікпен екі шенеунік тұтқындалды

Екі күдікті де уақытша қамау абақтысында.

1266 0

Алматы облысы бойынша Ұйымдасқан қылмыспен күрестің ұлттық бюросының департаменті алакөл ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімінің жетекшісі Нұржан Артықбаевты ұстады, деп жазады Today.kz.

Ол Үшарал қаласында жер алуға құжат дайындау үшін жеке тұлғадан 150 мың теңгені пара күйінде беруге итермелеген деп айыпталуда.

Қазір Артықбаев Алакөл ІІАБ-нің уақытша қамау абақтысына жабылды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен бірге ҚР БҒМ "Өрлеу" Ұлттық орталығының педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қанат Дүйсебаевтың да ұсталған хабарланды. Тергеу нұсқасы бойынша ол ғимаратты заңсыз жалға беру үшін жүйелі түрде пара алып отырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!