Астана Елорда күнін мерекелеуге дайындық үстінде

Фотография - Астана Елорда күнін мерекелеуге дайындық үстінде

Мереке күндері Астанаға арнайы келетін қонақтар саны жыл сайын ұлғайып келеді.

205 0

Ел жүрегі – Астана! Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аталып өтетін жылы Елорда күні ерекше мәнге ие.

Қала әкімдігі әрбір елорда тұрғыны мен қонағына қызықты болатын әр алуан мәдени-спорттық шаралар бағдарламасын әзірледі. Мерекелік шаралар  географиясы қаланы тұтастай қамтиды, соның ішінде қала маңын, гүлбақтар мен парктерді, сондай-ақ, қалалық алаңдарды.

Мереке күндері Астанаға арнайы келетін қонақтар саны жыл сайын ұлғайып келеді, деп жазды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік бағдарламаның шымылдығы маусымның 20-нан 26-на дейін өтетін "Сахнадан сәлем" театр фестивалімен ашылады. Өнер сүйер қауым еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан келген сахна майталмандарының үздік қойылымдарын тамашалайтын болады.

Эстафетаны AstanaArtFest 2016 қазіргі заманғы өнер фестивалі жалғастырады. Шара аясында Сулы-жасыл желекте би мен музыка фестивальдері, кітап пен поэзия мерекелері, суретшілер симпозиумы және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылады.

Биыл Астана тұрғындары мен қонақтары түрлі мемлекеттердің әртістерінің қатысуымен өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалін, музыка индустриясының үздіктерінің қатысуымен өтетін "Астана Арқау" түркі музыкасыныңфестивалін көре алады. 

Елорда күні аясында отандық сән индустриясының көрсетілімі меналғаш рет сән мен стиль саласындағы ELLE журналының сыйлығымен марапаттау салтанаты ұйымдастырылады. Қазақстандықтардың назарына "Арқайым – Күннің қаласы" технологиялық 3D-шоуы ұсынылады. "Астана Әзіл Фест" және "Көңілді Астана" жобалары аясында әзіл-сықақ кештері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Айта кетейік, биыл қазақтың бай мұрасы мен мәдениетін насихаттайтын іс-шараларға баса назар аударылмақ. "Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана" фестивалі аясында үлкен этноауыл орын тебеді, бұдан басқа, алғаш рет "Қымызмұрындық" этнографиялық қымыз фестивалі, халық аспаптары оркестрлерінің "Серпер" музыкалық фестивалі өтеді. Жаздың жарқын оқиғаларының бірі «Бағаналы ордам – басты ордам» республикалық ақындар айтысы болмақ. Қазақстандық композитор Сейдолла Бәйтерековті еске алуға арналған кеш пен "МузАрт" тобының шығармашылығының мерейтойына арналған концерт аншлагпен өтеді деп күтілуде.

Салауатты өмір салтын ұстанатындарға арналған спорттық бағдарлама Елорда күніне арналған шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрермендер мен спортшылар халықаралық жауынгерлік өнер фестивалін, дуатлоннан қалалық турнир, ұлттық спорт түрлері - асық ату мен қазақ күресінен - "Қазақстан барысы" турнирін тамашалайды.

Биыл Елорда күнін мерекелеуге Қазақстанда аккредиттелген басқа елдердің елшіліктері де өте белсенді қатысады. Мысалы, АҚШ елшілігі Астанаға "Broadway Bound" мюзиклін әкелу бастамасын көтерді, ол Бейбітшілік және келісім сарайында және Бәйтеректің жанындағы ашық алаңда көпшілік назарына ұсынылады. Ал Италия елшілігі "Астана Самалы" үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысатын ту көтеріп жүретіндерді әкеледі.

Шаралардың толық бағдарламасымен, аңдатпалар мен алдағы оқиғалар туралы ақпаратпенwww.astanaday.kz сайтында танысуға болады.

Концерт билеттері "Қазақстан" ОКЗ, "Mega Astana" СОО, "Сарыарқа" СОО, "Керуен" СОО, "Конгресс-холл", "Жастар" сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚазМедиа орталығы, Министрліктер үйі 11-ші кіреберісте орналасқан қалалық кассаларда, сондай-ақ,www.koncertyastany.kz сайтында онлайн режимде сатылады. Концерттердің жазбалары жетекші республикалық телеарналардан көрсетіледі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!